Жазғы демалыс кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері! » №7 бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№7 бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(72)42-51-07
Есепші:
+7(72)42-58-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы демалыс кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері!
01
маусым
2022

Жазғы демалыс кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері!

Жаз мезгілі балаларға күнге күйіп, суға шомылуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларға көптеген қауіптер де төндіруі мүмкін. Бұл көптеген факторлармен байланысты. Жазда балалар  лагерге, ата-апасының жанына ауылдық аймақтарға жіберіледі, олар әлбетте суға шомылғысы келеді, сонымен қатар күннің ыстығы, жәндіктер мен тез бұзылатын тағамдар - осының барлығы балалар үшін түрлі қауіптер әкеледі.
Ата-аналарға балаларына өте мұқият болу қажет, өйткені демалыс орындарында түрлі қауіптер төнуі мүмкін.
Жазғы демалыс кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері балаларды қорғауға мүмкіндік береді.
Жәндіктердің шағуы
- Жаз келе шыбын, маса, сона, кене, құрт-құмырсқа сияқты түрлі жәндіктер мен шыбын-шіркейлер көбейе бастайды.
- Үй-жайда олардан фумигатордың көмегімен құтылуға болады. Балалар бөлмесі үшін желі арқылы жұмыс істейтін фумигатор қолданған жөн, өйткені ол жанатын шиыршыққа қарағанда оттекті өзіне сіңіріп алмайды. Терезеге қапталған москит торы немесе қарапайым дәке – балаларды жәндіктерден қорғайтын маңызды элемент болып табылады.
- Серуендеу кезінде балаларға арнайы репеллент майлықтары көмектеседі, олардың құрамына сіңірілген ерекше иіс ұшып жүрген «басқыншыларды» бірнеше сағат бойы үркітіп қашырады.
- Балараның, сонаның немесе араның шағуы кейде анафилактикалық шок және астматикалық ұстамаға дейін күрделі аллергиялық әсердің пайда болуына әкеледі. Мұндай жағдайларда баланы шұғыл түрде ауруханаға емдеуге жатқызу қажет.
- Баланы кененің шағуынан қорғау үшін шашты және дененің ашық жерлерін жабу қажет – басына бас киім, кеудесіне жеңі ұзын жейде, аяғына балағы ұзын шалбар, жабық аяқ-киім кигізу қажет.
Күнге күю және ыстық өтіп кету
- Далаға шығар алдында баланың басына міндетті түрде бас киімін кигізіңіз.
- 6 айдан асқан балаларға кемінде 15 бірліктік қорғаныс факторы бар күннен қорғайтын крем жағып қою қажет.
- Күн бұлтты болса да, қорғаныс кремді дененің ашық жерлеріне әр сағат сайын, сондай-ақ шомылғаннан кейін де жағып тұру қажет.
- Сағат 10.00-ден бастап 15.00-ге дейін ультракүлгін сәулелердің үдеп тұрған кезінде мүлдем күнге күймеген жөн.
- Ашық күн астында 30 минуттан аса жүруге болмайды.
- Бала мерзімімен көлеңкеде салқындап алуы қажет – қолшатыр, қалқа немесе ағаш астында.
- Балаға жеңіл мақта-маталы киім кигізіңіз.
- Күн ыстықта балалар көп су ішуі қажет.
Тағамнан улану
Баланы тамақ ішер алдында қолды жууға немесе дымқыл майлықпен мұқият сүртіп шығуға дағдылап үйретіңіз. Күн ыстықта тез бұзылатын азық-түліктерді тұтынбаңыз.
Көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек жеуге тырысыңыз. Оларды тамаққа қолданар алдында мұқият жуыңыз. Маусымынан ерте шыққан жемістерді сатып алмаңыз.
Көлік оқиғалары
Баланы ерте жасынан бастап жол қозғалысы ережелеріне үйрету қажет.
Велосипедпен жүрген кезде шлем кию қажет, жеке велосипед жолын ғана пайдаланып, көлік қозғалысы бағытында қозғалып жүру қажет, қараңғыда жүруге болмайды, көзге көрінетіндей жарық шағылыстыратын киім киген жөн.
Балаларды жүргін бөлікте жүру дағдыларына үйрету қажет (бағдаршамның түстерін ажырату, тыйым салу белгілерін, жаяу жүргінші белгісін білу).
Балалардың жүргін бөлікте, автобус аялдамаларында ойнауына жол бермеу қажет, тұрақта тұрған екі көліктің арасынан өтуге болмайды.
Жолды бағдаршамнан немесе жаяу жүргінші жолынан өткен кезде телефонмен сөйлесуге болмайды.
Суға кету
Балаларды жүзуге және суға батпай тұру тәсілдеріне үйреткен жөн.
Балалар судың жанында ересектердің қарауында болуы керек, белгіленбеген орындарда жүзбеуі және буйканың арғы жағына шығып кетпеуі қажет.
Құтқару кеудешелері, жүзу бассейндерінің айналасындағы қоршаулар, қауіпті су қоймаларының қоршаулары және шұғыл алғашқы көмек суға батып кетудің алдын алады.
Қайықта болған кезде құтқару кеудешесін міндетті түрде кию керек.
Осы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, балаларыңыздың демалысын барынша қауіпсіз ете аласыздар.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы

Национальный центр общественного здравохранения:  как обеспечить детям безопасные каникулы?
Летний период несет в себе не только радость каникул, возможность загорать и купаться, но и высокие риски для детей. Это связано с множеством факторов. Летом дети едут отдыхать в детские лагеря, в сельскую местность к бабушкам и дедушкам, ходят купаться на речку, всё это в комплексе с высокой активностью солнца, насекомыми и быстропортящейся пищей несет различные угрозы.
Родителям остается быть внимательными, поскольку в местах отдыха могут таиться разного рода опасности. 
Простые правила безопасности на летних каникулах позволят уберечь детей.
Укусы насекомых
    • С наступлением лета появляется большое количество насекомых, это мухи, слепни, комары, некоторые муравьи, клещи и т. д.
    • В помещении с ними можно справиться при помощи фумигатора. Для детской комнаты предпочтителен фумигатор, работающий от сети, поскольку он, в отличие от тлеющей спирали, не поглощает кислород. Москитная сетка или даже обычная марля, помещенная на окно, - обязательный элемент защиты ребенка от насекомых.
    • Во время прогулок ребенка выручат специальные салфетки-репелленты, пропитанные особым составом, запах которого отпугивает летающих «агрессоров» на протяжении нескольких часов.
    • Укусы пчел, ос или шмелей иногда приводят к развитию серьезных аллергических реакций, вплоть до анафилактического шока и астматического приступа. Эти состояния требуют немедленной госпитализации ребенка.
    • Чтобы уберечь ребенка от укусов клещей, необходимо защитить волосы и открытые участки кожи - экипировать его головным убором и надевать длинные брюки, закрытую обувь, рубашки с длинными рукавами.
Солнечный ожог и тепловой удар
    • Выходя на улицу, обязательно надевайте ребенку головной убор.
    • Для детей старше 6 месяцев необходим крем от загара, с фактором защиты не менее 15 единиц.
    • Наносить защитный крем следует на открытые участки кожи каждый час, а также всякий раз после купания, даже если погода облачная.
    • В период с 10.00 до 15.00 час., на который приходится пик активности ультрафиолетовых лучей, лучше вообще не загорать.
    • Срок пребывания на открытом солнце не должен превышать 30 минут.
    • Ребенок периодически должен охлаждаться в тени - под зонтиком, тентом или под деревьями.
    • Одевайте ребенка в легкую хлопчатобумажную одежду.
    • На жаре дети должны много пить.
Пищевые отравления
Приучите ребенка мыть руки перед каждым приемом пищи или хотя бы тщательно вытирать их влажными салфетками. Не употребляйте на жаре скоропортящиеся продукты.
Старайтесь больше употреблять овощи, фрукты и ягоды. Мойте их тщательно, перед тем как употребить в пищу. Старайтесь не приобретать фрукты, которым еще по сезону не должны продаваться. 
Транспортные происшествия
Необходимо с раннего возраста обучать детей  правилам дорожного движения.
При езде на велосипеде следует надевать шлем, пользоваться отдельной велосипедной дорожкой и двигаться в направлении движения транспорта, не ездить в темноте, носить светоотражающую одежду.
Необходимо обучать детей навыков поведения на проезжей части (различать цвета светофора, запрещающие знаки, обозначение пешеходного перехода)
Не допускать, чтобы дети играли на проезжей части,  автобусных остановках, переходили дорогу между двумя припаркованными машинами. 
Не следует говорить по телефону при переходе дороги на светофор или по пешеходному переходу.
Утопления
Детей следует обучить плаванию и способам держаться на воде.
Вблизи воды дети должны находиться под присмотром взрослого, не плавать в неустановленных местах и не заплывать за буйки. 
Спасательные жилеты, изгороди вокруг плавательных бассейнов, ограждения опасных водоемов и экстренная первая помощь предотвращают утопления.
Находясь в лодке, нужно обязательно надевать спасательный жилет. 
Соблюдая данные правила безопасности, вы сможете сделать отдых детей максимально безопасным.
Источник: Национальный центр общественного здравохранения МЗ РК

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив